Алматыда қызанақ пен қияр бағасы бір сәтте шарықтап кетті, - деп хабарлайды "КазахЗерно" порталы. Бұл қараша айының қорытындысы бойынша баға өскен.
Алматыда қызанақ пен қияр бағасы бір сәтте шарықтап кетті, - деп хабарлайды "КазахЗерно" порталы. Бұл қараша айының қорытындысы бойынша баға өскен.
Сонымен, қызанақ пен қияр бағасы 53,4-82,9 пайызға, сарымсақ - 27 пайызға, жұмыртқа - 8,7 пайызға, сүт өнімдері 0,3-тен 6,6 пайызға дейін, сәбіз - 9,5 пайызға, картоп - 5,2 пайызға, орамжапырақ - 3,7 пайызға, апельсин мен лимон - 3,8-4,3 пайызға, лапша - 3,2 пайызға, ет және тауық еті - 0,5-3,1 пайызға, майлар - 1,4-2,9 пайызға, жарма - 1,5-2,5 пайызға, балық және майшабақ - 1,2-2,3 пайызға, шәй - 1,3 пайызға, қант - 0,8 пайызға және карамель - 0,7 пайызға өскен.
Сонымен қатар, кейбір тауар бағалары: пияз - 7,6 пайызға, қызылқылша - 3,9 пайызға, күріш - 2,8 пайызға, өсімдік майы - 2,7 пайызға, кептірілген өрік - 1,9 пайызға, бірінші сұрыптағы ұн - 1,4 пайызға, ірімшік - 0,8 пайызға төмендеді.