13 ақпан 2014 | 19:30

"Алтын Орда" базарында баға 20 пайызға өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Үкімет пен жергілікті әкімшіліктегілер теңге девальвациясына байланысты бағаның өсуіне жол бермейміз дегеніне қарамастан бүгін көтерме сауда орындарының өзінде баға еркіне жіберілген. Өсім деңгейі 10-20 пайыз аралығын қамтиды. Бүгін Алматыдағы ірі сауда орны - "Алтын Орда" базарында болған "Алаш айнасы" газетінің тілшісі мұны өз көзімен көріп қайтты. "Алтын Орда" базарындағы баға әр жерде әрқалай. Соған қарағанда тауардың нақты құнына қатысты соңғы шешім әлі шықпаған секілді. Саудагерлерден сұрастырғандарымызда да "ертең баға тағы да өсуі мүмкін" деген жауап естідік. Мысалы, кеше ғана осы базарда бір келісі 70 теңгеден сатылған картоп құны бүгін 85 теңгеге бағаланған. Ал 70 теңгелік сәбіз (1 кг) 100 теңге болған. Пияздың бір келісі – 80 теңге. Оның да бұған дейінгі бағасы 70 теңге болыпты. Сол секілді мұнда ("Алтын орда" базарында) осыған дейін 1100 теңгеден сатылған 5 литрлік "Жайлау" шемішке майы 1250-1300 теңге деп тұр. "Малютка" атты балаға берілетін құрғақ сүт 150 теңгеге қымбаттапты: бұрын – 1000 тг, қазір – 1150 тг. Кейбір сауда нүктесі жабық екен. Бұлар – бағаға қатысты соңғы шешім шыққанша, әліптің артын баққанды жөн көргендер секілді. Ал тұрмыстық техникалар және электроникалық бұйымдар бағасы біркелкі, жаппай 20 пайызға өскен. Алматының біршама базары "Алтын Ордадан" тауар тасымалдайтындығы белгілі. Сондықтан қаладағы басқа базарлардағы баға бұдан да жоғары болуы мүмкін. Мәселен, алдында баспасөзде "Сары-Арқа" базарында картоптың 1 келісі 150 теңге болды деген ақпарат та тараған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети