Apple Ресейде техника сатуды тоқтатты: Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Apple Ресейде техника сатуды тоқтатты: Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін? Фото ©REUTERS

Ірі ритейлерлер өкілдері мен технология маманы Apple өнімдерінің Қазақстанға жеткізілімі шектелуі мүмкін бе екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ірі ритейлерлер өкілдері мен технология маманы Apple өнімдерінің Қазақстанға жеткізілімі шектелуі мүмкін бе екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, 1 наурыздан бастап Apple Ресейде жабдықтарын сатуды тоқтатты. Алғашында ресейлік Apple интернет-дүкенінде тапсырыс беру мүмкіндігі жойылды, содан кейін компания әскери әрекеттерге байланысты Ресей Федерациясына өнімдерін экспорттауды тоқтатқанын ресми түрде хабарлады.

Қазақстандағы ірі ресми iPhone ритейлерлерінің бірі, Kcell ұялы байланыс операторы өтінішімізге жауап ретінде Apple өнімдерінің Қазақстандағы эксклюзив дистрибьюторы – ASBIS компаниясымен тікелей байланыста екенін атап өтті. Ол Apple өнімдерін елдегі барлық ірі сауда желісіне жеткізеді. Олар Еуропа мен Азиядан өнімдерді тікелей жеткізуді жүзеге асырады және жеткізуде қиындықтар болмауы керек.

"Сарапшылар Қазақстанға жеткізілім көлемі өседі деп болжап отыр. Мысалы, iPhone 13 модельдері чипсеттерді жеткізу проблемаларына байланысты шектеулі болды. Бұл әлемдік нарықтағы көптеген құрылғыға әсер етті. Бірақ жақын арада ешқандай проблема болмайды деп болжап отырмыз және біз жеткілікті көлемде тауар аламыз", - деді компанияның PR директоры Максим Оларь.

Сонымен қатар, оператор өкілі телефон балансынан App Store дүкеніндегі қолданбаларды төлеуге мүмкіндік беретін Apple Carrier Billing қызметі де сәтті жұмыс істеп тұрғанын айтты.

Сондай-ақ, Sulpak Apple жабдықтарын жеткізуде қиындықтар болмауы керек екенін айтты.

"Біздің дистрибьюторларымыз ештеңе өзгермегенін айтты: Қазақстанға ешқандай тыйым мен санкциялар жоқ және уайымдауға да себеп жоқ", - деді Sulpak компаниясының маркетинг басшысы Константин Иванюк.

Sulpak өкілінің айтуынша, Apple техникасының бағасы бағамдық айырмашылыққа тікелей байланысты. Осы компанияның өнімдері үшін жеткізушілер бағаны 5-10 пайызға өзгерткен.

Технология саласындағы маркетинг маманы Иван Глущенко ірі дистрибьюторлар әдетте техниканы ұсынылған бағамен сатуға ұзақ мерзімді келісімшарттар жасайтынын атап өтті. Олар он мыңдаған қораптар сатып алады. Сондықтан бірнеше ай бойы қалған өнімдерді бұрынғы құны бойынша сата алады.

"Тапшылық туралы алаңдаудың қажеті жоқ, бірақ сатып алу доллармен, ал сату теңгемен жүргізілетіндіктен, дистрибьюторлар тауардың құнын 13 пайызға қымбаттата алады. Ресейге салынған санкциялар Қазақстандағы қолдау мен қызметке әсер етпеуі керек, - деді маман.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети