1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Нарық

Апта басында теңге әлсіреді

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 20 желтоқсандағы таңғы саудасында 335,64 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

20 желтоқсандағы таңғы сауданың бірінші келісімі 335 теңгемен өтті. Минималдық құны да осы болды, ал максималдық құны 335,71 теңге болды. Сауданың жалпы көлемі 69,2 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валюта бағамы айырбастау пункттерінде 334,7-337 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астана уақытымен сағат 11.25-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 63,89 доллар болды.