© Tengrinews.kz
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 29 қазандағы таңғы саудасында 368,8 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 29 қазандағы таңғы саудасында 368,8 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
29 қазандағы таңғы сауданың бірінші келісімі 368,3 теңгемен өтті. Минималдық құны да осы болды, ал максималдық құны - 369,2 теңге. Сауданың жалпы көлемі 46,2 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валюта бағамы айырбастау пункттерінде 364,1-370 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астана уақытымен сағат 11.01-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 77,61 доллар болды.