Ақша айырбастау орындарында доллар 387 теңгеге дейін қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақша айырбастау орындарында доллар 387 теңгеге дейін қымбаттады © Тұрар Қазанғапов

Ақша айырбастау орындарында ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 387 теңге болды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі Kurs.kz мәліметтеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақша айырбастау орындарында ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 387 теңге болды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі Kurs.kz мәліметтеріне сілтеме жасап.

Биржаның күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 384,68 теңгеге дейін төмендеді. Ал таңғы саудада бұл көрсеткіш 379,61 теңге еді. Осылайша, бір күнде ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 8 теңгеге түсіп кетті.

Мұның алдында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бюджетте доллар бағамының 370 теңге болатынын айтқан еді.

"Бұл сұрақты Ұлттық банктегілерге қойыңыздар. Біздің келесі жылға әлеуметтік-экономикалық даму жоспарымызға сүйенсек, ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 370 теңге көлемінде болады", - деген болатын министр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети