©Нұрғиса Елеубеков
Астана айналасында азық-түлік белдеуін дамыту мен сауда-логистика инфрақұрылымын жетілдіру бас қала нарығындағы тұрақтылықтың сақталуына ықпал етіп, азық-түліктің қымбаттамауына жол бермейді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкіміне сілтеме жасап. Есеп беруінде Астана қаласының әкімі соңғы екі жыл ішіндегі маңайдағы аудандардан азық-түлік жеткізудің екі есеге артқанын атап, екі жылдан кейін бұл көрсеткіштің тағы екі есеге артуы мүмкіндігін айтты. "13 ақпандағы бағасы бағынбай кеткен құнмен салыстырғанда қой еті, күнбағыс майы, маргарин, майонез, тұз, шәй, жарманың кейбір түрлерінің арзандағаны байқалады", - деді ол. Өтпелі кезеңде бағаны ушықтырмай ұстап тұру үшін Астана жылына 8000 тонна жылыжай өнімі мен сыйымдылығы 60 мың тонналық көкөніс қоймасын қажетсініп отыр. Бүгінде жыл бойы 2500 тонна өніммен қамтитын 2 жылыжай мен сыйымдылығы 22 мың тоннаны құрайтын үш жылыжай жұмыс істеп түр. "Қазір өзінде олар көп жағдайда ішіп-жемнің бағасын бақылауда ұстап, инфляцияны ауыздықтауға септігін тигізуде. Оның көрсеткіші екі жыл бұрын 107 пайызды құраса, былтыр 102 пайыз көлемін белгіледі. Осыған сәйкес, биыл 3650 тонналық бір жылыжай мен 12 мың тонналық екі көкөніс сақтау қоймасының құрылысы аяқталады", - деді И.Тасмағамбетов.
Астана айналасында азық-түлік белдеуін дамыту мен сауда-логистика инфрақұрылымын жетілдіру бас қала нарығындағы тұрақтылықтың сақталуына ықпал етіп, азық-түліктің қымбаттамауына жол бермейді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкіміне сілтеме жасап.
Есеп беруінде Астана қаласының әкімі соңғы екі жыл ішіндегі маңайдағы аудандардан азық-түлік жеткізудің екі есеге артқанын атап, екі жылдан кейін бұл көрсеткіштің тағы екі есеге артуы мүмкіндігін айтты.
"13 ақпандағы бағасы бағынбай кеткен құнмен салыстырғанда қой еті, күнбағыс майы, маргарин, майонез, тұз, шәй, жарманың кейбір түрлерінің арзандағаны байқалады", - деді ол.
Өтпелі кезеңде бағаны ушықтырмай ұстап тұру үшін Астана жылына 8000 тонна жылыжай өнімі мен сыйымдылығы 60 мың тонналық көкөніс қоймасын қажетсініп отыр. Бүгінде жыл бойы 2500 тонна өніммен қамтитын 2 жылыжай мен сыйымдылығы 22 мың тоннаны құрайтын үш жылыжай жұмыс істеп түр.
"Қазір өзінде олар көп жағдайда ішіп-жемнің бағасын бақылауда ұстап, инфляцияны ауыздықтауға септігін тигізуде. Оның көрсеткіші екі жыл бұрын 107 пайызды құраса, былтыр 102 пайыз көлемін белгіледі. Осыған сәйкес, биыл 3650 тонналық бір жылыжай мен 12 мың тонналық екі көкөніс сақтау қоймасының құрылысы аяқталады", - деді И.Тасмағамбетов.