25 қыркүйек 2015 | 17:17

Астанада банан бір айда 70 пайызға қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада бір ай ішінде банан 70 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада бір ай ішінде банан 70 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазагромаркетинг" АҚ мәліметінше, бананның келісінің көтерме бағасы 157 теңгеден 342 теңгеге дейін өскен. Яғни, 118 пайызға дейін өсті, бұл екі еседен де көп. Сәйкесінше бананның бөлшек саудадағы бағасы да өсті: бір келісі 230 теңгеден 390 теңгеге дейін.

"Қазагромаркетинг" АҚ тағам өнімдерінің бағасына ай сайын мониторинг жасайды. Компания банан импортталатын өнім болғандықтан, оның қымбаттауына ішкі емес, сыртқы нарық әсер ететінін хабарлады. Бағаның доллар бағамына қатысты өскені жоққа шығарылмады.

Әр өңірде банан бағасы әртүрлі. Мысалы Петропавлда бөлшек саудада банан 435 теңгеден сатылып жатыр. Ақтөбеде келісі 381 теңге. Павлодарда бананның бағасы 190 теңгеден 300 теңгеге дейін өсті. Шығыс Қазақстан облысында бананның келісін 366 теңгеден сатып алуға болады. Ал Көкшетау, Атырау, Қарағанды, Қызылорда және Ақтау мен Қостанайда бананның бағасы тамыз айынан бері өскен жоқ.

Қазақстанда банан бөлшек саудада орташа есеппен 21 пайызға, ал көтерме саудада 26 пайызға қымбаттады. Айта кетейік, көтерме баға барлық жерде бірдей өзгерген жоқ. Алты облыста ол бұрынғы бағамен сатылып жатыр. 

Әлеуметтік желілерде Астанадағы тағам өнімдерінің қымбаттағанын айтып жатыр. "Банан дағдарысы жеткен сияқты. Бананның алмадан да арзан екеніне қуанған едік, енді оны 500 теңгеден сатып жатыр. Банан тағы да экзотикалық жеміс болды", - деді Facebook әлеуметтік желісінде Kabira Foster Abdikarimova.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети