Астанада қант қоры жеткілікті ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада қант қоры жеткілікті ме?

Бағаны тұрақтандыру үшін Астана әкімдігі тұрақты негізде азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізіп тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бағаны тұрақтандыру үшін Астана әкімдігі тұрақты негізде азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізіп тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, ең қажетті деген тағам түрлері ерекше бақылауда тұр, оның ішінде қант та бар.

"Бүгінде Астанада дефицит пен қант бағасының артып кеткендігі байқалмайды. Барлық сауда объектілері мен жеткізушілер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бағаны тұрақтандыру мақсатында және қанттың жеткіліксіз болмауына жол бермес үшін тұрақтандыру қоры құрылды, қорға 1500 тонна қант сатып алынды және басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түрлері алынды", - деді әкімдіктегілер.

Көрсетілген қант көлемі (1500 тонна) дефициттің алдын алуға және делдал ұйымдардың алыпсатарлық әрекетіне әсерін тигізе алады. Қазіргі таңда қорда 945 тонна қант бар, қаланың ірі сауда желілерінде 1 келісі 240 теңгеден сатылуда. Одан басқа, "Шапағат" коммуналдық базарының 36 сауда нүктесінде қант сатылады. Сонымен қатар, статистика департаментінің ресми мәліметі бойынша Астанада бір аптаның ішінде қанттың бағасында өзгеріс байқалмаған. Азық-түлік бағасы бақылауда тұр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети