Астанада Tengrinews.kz тілшісі Республика даңғылы бойындағы айырбастау пункттеріндегі жағдаймен танысып қайтты. Бүгін, 19 тамызда қазақстандық бірқатар банктің сайтында доллардың 194 теңгеге қымбаттағаны белгілі болды. Мәселен, Forte bank сайтында доллар бағамы сатылымға 197,5 теңге деп көрсетілген. Ал Еуразиялық банктің сайтында 0,1 тиынға төмен - 197,4. Казкоммерцбанк - 198.67 теңге. Центркредит сайтында сату құны - 194.5 теңге.

Республика даңғылындағы айырбас пункттерінде бір сағаттың ішінде жағдай бірнеше рет өзгерді. Бастапқыда жағдай қалыпты болса, түске таман кішігірім дүрлігу туды. Кейбір айырбас пункттері доллар сатуды тоқтатты, ал кейбірі белгілі бір межеде тұрақтай алмады, себебі доллар бағамы 5-10 минут сайын құбылды.
Бұл суреттерде бағамның ауыспай тұрғандағы және ауысқаннан кейінгі жағдайы көрсетілген:
Курстың ауытқу дәлізі бір долларға 170-188 теңгеден 170-198-ге өзгерген еді.