Энергетика министрі Владимир Школьник жанар-жағар майға байланысты жағдай тұрақтанып келе жатқанын айтты. Бұған дәлел ретінде ол Астанада көліктің азаймағанын мысалға келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Энергетика министрі Владимир Школьник жанар-жағар майға байланысты жағдай тұрақтанып келе жатқанын айтты. Бұған дәлел ретінде ол Астанада көліктің азаймағанын мысалға келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Парламент Мәжілісінің отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берген Владимир Школьник "Қазір жанар-жағармай мәселесіне байланысты жағдай тұрақталып келеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, Астанада көлік саны азайған жоқ. Бұрынғыдай үлкен-үлкен көліктерді бір-бір адамнан жүргізіп жүр. Барлық өңірлерде тұрақтылық бар, ең бастысы көп тұтынылатын АИ-92 бензинінің қосымша қоры жеткілікті. Біз күнде әр өңірдегі мұнай базаларындағы қосымша қорлардың мониторингін жасап отырмыз. Биылғы шілде айының аяғы мен тамыздың басында сіз бен біз ұшыраған дағдарыстан шығу үшін Үкімет ары қарай да жұмыс істеуде. Жалпы жағдай тұрақталып келеді", - деді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 2 қыркүйекте Қазақстандағы мұнай өнімдерінің тапшылығына қатысты пікір білдірген В.Школьник, қазақстандықтарды бензинді үнемдеуге шақырған болатын.
"Үнемдеу керек, қазір бүкіл әлем үнемдейді. Мен бәрін үнемдеуге шақырамын. Мүмкіндік болса, жұмысқа алып джиппен бармай-ақ қойған жөн. Астанада көлік өте көп. Бір подъезде тұратын адамдар жұмысқа бір көлікпен барса, дұрыс болар еді. Осындай қиын-қыстау кезде, тек бізде емес, әлемде мұнай бағасы қымбат болып тұрған шақта бірнешеуіміз бірігіп бір көлікке немесе қоғамдық көлікке мінейік. Үнемшіл болайық. Әсіресе дәу-дәу джипке мініп алып, "ауа тасып" жүрген шенеуніктерге қатысты айтып отырмын", - деген еді министр.