Астананың көлеңкелі экономикасында жарты триллион теңге жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың көлеңкелі экономикасында жарты триллион теңге жүр ©miroland.com

Астананың көлеңкелі экономкасында 540 миллиард теңге жүр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетовке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың көлеңкелі экономкасында 540 миллиард теңге жүр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетовке сілтеме жасап.

"Президенттің бастамасымен Қазақстанда капитал рақымшылығы, мүлік пен ақшаны заңдастыру науқаны өткелі жатыр. Негізі, қазіргі статистикаға сәйкес, біздің қаламыздың өзінде көлеңкелі экономиканың ауқымы 20 пайызды құрап отыр. Бүгінде елорданың көлеңкелі экономкасында 540 миллиард теңге жүр. Соның барлығын ел экономикасына бағыттауға болатын еді", - деді қала әкімі бүгін кәсіпкерлермен өткен кездесуде.

И.Тасмағамбетовтың сөзіне қарағанда, мүлікті заңдастыруға қатысты сан алуан жағымды әрі жағымсыз мысалдар бар. Мәселен, қала аймағында жер телімдерін заңсыз иемдену оқиғалары кездеседі. Артынан сол жерді алып-сатарлыққа салып жатады. "Дегенмен, бізде заңдастыру бойынша тиісті тәжірибе бар. Біз оның барлығын реттейтін боламыз", - деп атап көрсетті қала басшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети