Ауыл шаруашылығы министрлігі мал экспортын тоқтатты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© moa.gov.kz © moa.gov.kz

Өткен жылы Қазақстаннан шетелге 156 мың бас ірі қара мал шығарылды. Бұл ретте, басым көпшілігі - 121,6 мың бас немесе 78 пайызы Өзбекстан Республикасына, тағы 14 пайызы Армения еліне экспортталған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Өткен жылы Қазақстаннан шетелге 156 мың бас ірі қара мал шығарылды. Бұл ретте, басым көпшілігі - 121,6 мың бас немесе 78 пайызы Өзбекстан Республикасына, тағы 14 пайызы Армения еліне экспортталған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. 

Сондай-ақ, елден 264 мың бас қой шығарылған, оның жартысынан аса аналық бас. Ұсақ мүйізді малдың басым бөлігін, яғни 200 мыңнан аса (76 пайыз) Өзбекстан мемлекетіне, 21,5 мың бас (8,1 пайыз) Ресей Федерациясына, 18 мың бас (6,7 пайыз) Әзербайжан, шамамен 12 мың бас (4,5 пайыз) Иран еліне тасымалданған.

Тірі малдың жаппай экспорты ет өнімдеріне бағаның өсуіне негіз болды. Сонымен қатар, қалыптасқан жағдай қазақстандық ет өңдеу кәсіпорындары мен бордақылау алаңдарының жүктемесінің төмендеуіне алып келді. Орташа алғанда, 2019 жылы қазақстандық ет өңдеу кәсіпорындары өз қуатын толық пайдалана алмаған. Олардың толық жұмыс істемеунің негізгі себебі тірі малдың жаппай экспортының салдарынан шикізат тапшылығы болды.

АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ҚР АШМ қайта өңделген өнім экспортын 2,5 есеге арттыру міндеті тұр.  Осыған байланысты, бордақылау алаңдары мен ет комбинаттарының өтініштеріне сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы және ҚР Қаржы министрліктерінің 2019 жылғы 21 қазандағы "ауыл шаруашылығы жануарларын шығарудағы кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Айта кетсек, аталмыш бұйрық тек аналық мал басының экспортын уақытша шектейтін. Бұл өзгерістер барлық ірі қара мал мен ұсақ мүйізді малдың жыныстық-жастық топтары бойынша тірідей басын өзге елдерге шығаруға (экспорттауға) толық тыйым салады.

Маңызды құжаттың жобасы салалық сараптама ұйымдарымен және облыс әкімдіктерімен келісіліп, "Атамекен" ҰКП оң қорытындысы алынды және сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мақұлдауы алынды. Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдарымен келісім жасалуда.

Аталған бұйрыққа өзгерістер енгізу таяудағы жылдары қазақстандық мал басын сақтап  ұлғайтуға, отандық ет комбинаттарын қолайлы бағамен сапалы шикізатпен қамтамасыз етуге және дайын өңделген өнімнің өндірісі мен экспортын арттыруға мүмкіндік береді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.32  course down  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro