Азық-түлік арзандап, дәрі-дәрмек қымбаттады - Сүлейменов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азық-түлік арзандап, дәрі-дәрмек қымбаттады - Сүлейменов © pixabay.com

Елімізде әуе және теміржол билеттерінің құны, бензин мен дәрі-дәрмек қымбаттады, ал азық-түлік арзандады. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrіnews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде әуе және теміржол билеттерінің құны, бензин мен дәрі-дәрмек қымбаттады, ал азық-түлік арзандады. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrіnews.kz тілшісі. 

"Соңғы үш айда өндірістік тауарлардың арзандағаны байқалады, маусымда - 0,1 пайыз, шілдеде - 0,4 пайыз, тамызда - 0,2 пайыз. Бұл инфляция компонентінің ең төменгі көрсеткішіне алып келді - 2,3 пайыз бағаның өсуі. Картоп бағасы - 13,4 пайыз, жұмыртқа - 12,9 пайыз, жарма - 8,1 пайыз, пияз - 3,6 пайыз және шәй - 0,8 пайызға  төмендеді, - деді министр. 

"Дизель отынының бағасы - 17,2 пайызға, аяқкиім - 5,9 пайызға, газ - 4,8 пайызға, дәрі-дәрмек - 4,5 пайыз және тұрмыстық заттар - 4,3 пайызға қымбаттаған", - деді Сүлейменов. 

Оның айтуынша, ақылы қызмет түрі 3 пайызға қымбаттаған. Оның ішінде әуе қызметі (18,5 пайыз) және теміржол билеті (8,7 пайызға) өсті, ал құқықтық қызмет түрі 6 пайызға өскен.  

"Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету құны 1 пайызға және қонақ үй қызметінің құны 1 пайызға арзандаған", - деп нақтылады министр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети