БАӘ елшісінің мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы төмендеп кетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БАӘ елшісінің мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы төмендеп кетті Фотоколлаж Tengrinews.kz

Сауда деректеріне сәйкес, Brent және WTI маркалы мұнайдың әлемдік бағасы 12 пайызға төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауда деректеріне сәйкес, Brent және WTI маркалы мұнайдың әлемдік бағасы 12 пайызға төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 5:00-дегі жағдай бойынша, Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері барреліне 112,51 долларға, WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 109,27 долларға дейін төмендеген.

Мұнай бағасына БАӘ-нің АҚШ-тағы елшісі Юсуф әл-Утейбудың мәлімдемесі әсер еткен. Ол БАӘ мұнай өндірісін арттыруды жақтайтыны және ОПЕК-те тиісті шешім қабылдауға ниетті екені туралы айтқан болатын.

Өткен аптада мұнай Brent және WTI үшін шамамен 20 пайызға және 25 пайызға қымбаттады, қазір мұнай бағасы 2008 жылғы деңгейде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети