Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, елімізде 3 миллион қазақстандықтың ғана банктерде қарызы жоқ. Ал жалпы портфельдегі ипотекалық қарыз 3 триллион теңгеден, ал автонесие триллион теңгеден асады. Былтыр қазақстандықтардың 65 пайыздан көп бөлігі автокөліктерді пайызбен алған. Былтыр бюро бөлшек қарыз өсіп жатқанын (шамамен, 43 пайыз) тіркеді. Яғни, қазақстандықтар арасында тіпті тауарды да қарызға көбірек ала бастағаны айтылды. Бұл қарыз сомасы бес триллион теңгеден асады екен.
Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, елімізде 3 миллион қазақстандықтың ғана банктерде қарызы жоқ. Ал жалпы портфельдегі ипотекалық қарыз 3 триллион теңгеден, ал автонесие триллион теңгеден асады. Былтыр қазақстандықтардың 65 пайыздан көп бөлігі автокөліктерді пайызбен алған. Былтыр бюро бөлшек қарыз өсіп жатқанын (шамамен, 43 пайыз) тіркеді. Яғни, қазақстандықтар арасында тіпті тауарды да қарызға көбірек ала бастағаны айтылды. Бұл қарыз сомасы бес триллион теңгеден асады екен.
Кредиті бар адамдар банк жабылып қалса, әрі қарай берешегін қалай өтейді? Tengrinews.kz тілшісі несие саласындағы заңгер Бауыржан Абылқасымов пен Qeconomics экономикалық зерттеу бірлестігінің экономисі Нұрмұхаммед Мамановпен сөйлесіп көрді.
Банк жабылғаннан кейін не болады?
Экономист Нұрмұхаммед Маманов банк банкрот болған немесе мәжбүрлі таратылған жағдайда қарыз алушылар кредитті одан әрі төлеу мәселесіне тап болатынын айтты.
"Банк жабылуына бірнеше себеп болуы мүмкін. Қандай себептерге байланысты жабылып жатқанына қарамастан, қаржы реттеуші орган тарату комиссиясын құрады. Ол банкті тарату және оған берешек, салымшылармен арадағы есеп айырысу процестерін реттейді", - деді ол.
Ол бұл комиссия тағы қандай жұмыстар жүргізетінін айтып берді.
"Бұл комиссия банктің сатып алу құқығы бойынша басқа ұйымға, яғни екінші деңгейлі банктерге, заңды тұлғаларға берілуі мүмкін активтері туралы мәселені шешеді. Осы активтерге қарыз алушылардың несиелері де кіреді. Несие қарыз алушы өз еркімен мойнына алатын міндеттеме екенін ұмытпауымыз керек. Бұл міндеттеме банк таратылса да орындалуы қажет. Ал қарыз туралы келісімшарт оның талаптары орындалғанша әрекет етеді (кредит өтелгенше). Яғни, банк жабылып жатқанына қарамастан, несие өз күшін жоймайды. Тиісінше, қарыз алушылар ай сайынғы төлемдерін жалғастыруы керек. Банк таратылған кезде несие төлеуді тоқтатсаңыз, онда келісімшарт талаптарына сәйкес айыппұл есептеледі", - деді Нұрмұхаммед Маманов.
Бұл процесс қандай банктерге қатысты?
"Бұл процедура бүкіл екінші деңгейлі банктерге қатысты болады. Себебі елдегі басты қаржы реттеуші банк жүйесіндегі тұрақтылықты сақтау үшін жабылып жатқан банк активтерін қайта құруға немесе оны басқа екінші деңгейлі банктерге өткізуге мүдделі. Бұған дейін айтқанымдай, банк активтерімен қоса, қарыз алушылардың несиелік міндеттемелері банк активтерінің келесі иесіне өтеді", - деп түсіндірді экономист.
Нені ескеру қажет?
Кез келген адамда "банк жабылып қалса, енді не істеуім керек" деген сұрақ туындайды. Экономист бұл сұраққа да жауап берді:
"Алдымен, несие төлеп жатқан реквизиттің статусын анықтау керек. Реквизиттар өзгермесе, сол реквизиттер бойынша несие төлемін жалғастыра береді. Ол өзгерсе несиені жаңа реквизиттер бойынша төлеуі керек. Болашақта несие бойынша сұрақтар туындамас үшін төлем туралы түбіртектерді несиені толық өтеп болғанға дейін сақтап жүргені дұрыс. Сонымен қатар, кез келген азаматқа несие шартын қолайсыз шарттармен қайта өзгерту туралы ұсыныс түссе немесе сол әрекетке итермелесе, оның толықтай бас тартуға құқығы бар", - деді ол.
Заңгер Бауыржан Абылқасымов банк дағдарысқа ұшыраса немесе лицензиясынан айырылса, жабылатынын айтады.
"Қарапайым тілмен айтсақ, банк жабылған күннің өзінде қарыз ешқайда жойылып кетпейді. Банктің активтері мен қарыздары басқа банкке өтеді. Жабылып қалса, банк құжаттар жіберуі қажет", - деді заңгер.
Маманның айтуынша, кейде банктер қарыздарын коллекторлық компанияға сатуы мүмкін. Бұл "цессия" деп аталады. Банк мұндай қадамға бармас бұрын, қарыз алушыны ескертуі қажет.
Қарызы бар адам банк жабылып қалса не істеуі қажет?
"Ресми түрде хаттама өткізуі қажет. Кейін хаттамаға жауап келеді. Яғни, қарызды қайда төлеу керек екені туралы арыз жазуы керек. Жабылған банктің орнына келген уақытша басқарушы басқа шоттар ашуы мүмкін. Сол шоттарға бұрын қалай төледі, дәл солай төлей береді", - деп түсіндірді маман.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!