11 қыркүйек 2014 | 09:51

Банктердің сақтандыру қызметін тұтынуға халықты мәжбүрлеуіне шектеу қойыла ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

*** ***

Қазір банктер арқылы ірі көлемді несие немесе тұрғын үй, көлік алып және тағы басқа қажеттіліктеріңізді өтегіңіз келсе, олардың өздерімен еншілес сақтандыру компанияларының қызметіне жүгінуге мәжбүр боласыз. Бұл ретте банктер бұқараға таңдау құқығын бермейді. Тіпті қайсыбір екінші деңгейлі банктер тұтынушысына міндеттеп, мәжбүрлеп тұрып бір ғана сақтандыру компаниясының қызметін ұсынады. Тұтынушы бағасының қымбаттығын айтып жалтарса да, қызметіне көңілі толмайтындығын айтып шағымданса да, банк ұсынған сақтандыру компаниясының шарттарын орындап, сомасын төлеуі тиіспіз. Ал енді осыны ескергендіктен "Алаш айнасы" "банктердің өздерімен еншілес компаниялардың қызметін халыққа мәжбүрлеп ұсынуына шектеу қоя аламыз ба?" деген сауалды мамандардың ой талқысына салып көрді.

Иконка комментария блок соц сети

Негізінен, бұл тұрғыда бізде арнайы қабылдаған заң нормалары да бар. Еліміздің "Банктер және банктік қызметтер туралы" Заңына енгізілген өзгертулерге сәйкес, банктердің тұтынушыға өздерімен еншілес компаниялардың қызметін мәжбүрлеп ұсынуына тыйым салынған. Атал-мыш заңда көрсетілгендей, сақтандыру компанияларын таңдау құқы тұтынушының өзіне берілген. Ал қандай да бір мәжбүрлеп ұсынылған қызмет түрі болса, бұған қатысты тұтынушының шағымдануға құқы бар. "Сондықтан бұл жерде бұқараның банк қызметіне деген сұранысы сауатты болуы керек" дейді мамандар.

Мейрам Қабдрахманұлы, экономист-сарапшы:

– Негізінде, банк – ерекше кәсіпорын. Жалпы, негізгі пассивті операциялардың қатарына банктің өзіндік капиталы (жарғылық қор, резервтік қор), депозиттер қабылдау және банкаралық ақша пиасасынан (рыногынан) қосымша ресурстар алу жатса, ал активті операцияларға ірі көлемді қайтарымы мол несие беру, инвестициялық (тікелей және портфельді) қаржы бөлу, тұтынушыға қызмет көрсету қызметтері жатады. Осындай активті операциялар барысында сақтандыру компа-нияларының қызметі айрықша. Мұндай сәттерде сақтандыру компаниялары да өзіне қомақты қаржы алып қалғысы келеді. Олар көбіне ұзақ мерзімді қарыз алушыларды (8-10-15-20 жылға дейін) жағалайды. Қалтасы қомақты тұтынушыны өздеріне тартқысы келеді. Сондықтан болар, қайсыбір сақтандыру компаниялары банктермен қоян-қолтық араласып, арнайы келісімшарттар жасасып, бұдан барып банктер сол сақтандыру компанияларының қызметін халыққа міндеттейді. Ал мұндайда ұтылатын, әрине, тұтынушы. Банк пен жаңағы компаниялар өз пайыздарын алады да, шаруасын ары қарай дөңгелетіп отыра береді. Қанша жерден елімізде екінші деңгейлі банктердің легі көп, мемлекеттік банктер санаулы дегенімізбен, бұл мәселені арнайы заң арқылы шешуге болады. Сондықтан болашақта банктерге мемлекеттік бақылау күшейе түсуі керек. Бұдан соң тағы бір ескеретін мәселе – бізге тұтынушы сауаттылығын арттыру мәселесін қолға алу қажет. Бұл орайда қазірде қарақұрым қаптап кеткен қоғамдық бірлестіктер, қауымдастықтар осы іске көмекші құрал болса, үлкен көмек болар еді. Себебі қазірде қарапайым азаматтарды қойып, қаншама шаруаны дөңгелетіп отырса да, банк ісіне келгенде шорқақтайтын кәсіпкерлер бізде баршылық. Сондықтан, бастысы, тұтынушы сауаттылығы мен заңды білуі маңызды. Осы екі мәселені қолға алсақ, банк пен халық арасында түсініспеушілік орын алмайды, бұл мәселе шешімін табады деп сенемін.

Жалпы, мамандардың пайымдауынша, кезінде банк саласына қатысты мамандар тарапынан айтылған ескертпелер мен ұсыныстар ескерілгенде, біздің банк жүйесі нақ қазіргідей ел түсінбейтін жағдайға түспейтін еді. Енді келіп амалсыз, банк секторында орын алып отырған ол-қылықтардың бар екенін мойындамасқа лаж жоқ.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети