Кешелі бері Беларусь елінің мемлекет басшысы Александр Лукашенко Ресейден салықтық жеңілдіктер сұрап отыр. Ресейдің салық саясатының салдарынан ел бюджеті 1 млрд. долларға шығын көретінін алға тарқан Лукашенко «бұл біз үшін қалыпты жағдай емес» дейді.
Кешелі бері Беларусь елінің мемлекет басшысы Александр Лукашенко Ресейден салықтық жеңілдіктер сұрап отыр. Ресейдің салық саясатының салдарынан ел бюджеті 1 млрд. долларға шығын көретінін алға тарқан Лукашенко «бұл біз үшін қалыпты жағдай емес» дейді.
«Біз Ресеймен Одаққа біріккен кезде өзіндік жеңілдіктер болады деп келіскенбіз. Бір салада салықтық жеңілдіктер болғанмен, екінші бір салада салықтың төлемдері артып, артынша біздің бюджетіміз 1 млрд. доллар шығын көретін болды. Біз Ресейден келер жылы екі ел арасында тасымалданатын мұнай өнімдерінен түсетін баж салығының түсімін түгелдей Беларусь елінің еншісіне қалдыруды сұрап отырмыз» деді ол.
Сөйтіп, Беларусь елінің басшысы салық саясаты жөнінде Ресеймен келісімге келу керектігін, экономикалық одақ аясында ортақ салықтан түсетін түсімнен ел бюджеті шығын көрмеуі қажеттігін баса айтуда. Ал енді осы тұста "Алаш айнасы" Қазақстанға Ресейдің салық жүйесінің ықпалы қаншалықты әсер ететінін зерттеп көрді.
Санкциялар салқынынан абдыраған Ресейде қазір салық мәселесі қызу талқыға түсуде. Бұл ретте Ресей үкімет басшысының бірінші орынбасары Игорь Шувалов апта басында ғана «Ресей экономикасының өсімі тежеліп, кідіріп қалмауы керек. Қазіргі экономикалық рейтингіміздің төмендеуі біздегі салық саласына өзгерістер енгізу қажеттігін аңғартады» деген болатын.
Жалпы, Ресей қазір елінен «қашып» жатқан капиталдардың орнын салықты өсіру арқылы толтыруды көздеп отыр. Ал көршілес елдің бұлайша салықты өсіруі одақтас елдерге әсер ететіні даусыз. Импорт-эскпорт тасымалына салықты өсіруге қатысты кеше ғана Ресей кәсіпкерлерінің құқын қорғаушы Борис Титов «Ресейдің мұндай қадамы шекара маңындағы интеграциялану үрдісіне де кері әсер етеді. Әсіресе Кедендік Одақ аясында біріккен елдер үшін өнім алмасу жағына кері ықпал етпек» деді.
Осы орайда отандық сарапшы мамандарымыз да Ресейдің салық жүйесіндегі қитұрқылығы бізге де өз әсерін беріп отырғанын жасырмайды.
Мейрам Қабдрахманұлы, экономист-сарапшы:
- Кедендік салықтың 92 пайызы Ресейдің тарифтеріне негізделеді. Ал қалған 8 пайызы Қазақстан мен Беларусьтің үлесінде қалады. Сонда бұл жерде салықтан түсетін түсімнің басым бөлігін Ресей тарифіне негізделгеннен кейін Ресей көріп отыр ғой. Біз Ресейдің деңгейіне жетеміз деп мақтанамыз. Ал енді азық-түлік, газ, бензин, теміржолдың бағасы Ресей тарифіне жетті делік, соған орай одан түсетін салықтық түсім де артады ғой. Осыған байланысты Ресей бізге «елдегі тауардың бағасын бізбен деңгейлестіріңдер» деп отыр. Солай етсе одан түсетін салық көбейеді. Ортақ салық жүйесі болғаннан кейін Ресей бұдан ұтады. Бұлайша Ресейдің соңынан ілесіп кете берсек, бұл бізге тиімсіз. Бұл тек Ресейге ғана тиімді. Қайбір жылы РФ кедендік қызметі Қазақстан мен Беларусь Кедендік Одақ аясында импорттық баж салығы бойынша Ресейге шамамен 22 млрд. рубль қарыз деп мәлімдеме жасады. Кедендік одақ ережесіне сәйкес, барлық үш мемлекет импорттық салық жинап, оны ортақ есепке құяды, одан кейін КО елдері арасындағы үлес салмағына сәйкес бекітілген формула бойынша үш мемлекетке қайта үлестірілетін болады. Беларусь елі қазір сол ортақ мүддеге үлестірілетін мұнайдан түсетін салықты өзінде қалдыруды сұрап отыр. Бұл - дұрыс. Мұнайлы мемлекет болмаса да, мұнай арқылы пайда тауып отырған ел болғаннан кейін олар үнемі мұнайға қатысты салықтық жеңілдіктер сұрайды. 2007-2008 жылдардың өзінде Ресейден Еуропаға Беларусь арқылы өтетін мұнайдың әр тоннасына беларусьтер 180 доллар салық алғысы келген. бірақ Ресей ол кезде салықты 53 доллар етіп бекіттірді. Қазір Ресейдің салық саясатының тиімсіз екенін олар аңғарып отыр. Сондықтан да болар олар мұнайдан түсетін салықты...
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...