Осы уақытқа дейін мемлекет жанар-жағармайдың шекті бағасын реттеп келсе, биыл осы саладағы жағдай түбегейлі өзгерді. Ресми министрлік "тамызда түк өзгеріс болмайды" деп еді, қайда-а-а-н, жанармай тапшы болды, ақыры бензиннің бағасын көтерді. Баға көтерілді, алайда тапшылық азайған жоқ. Аймақтарда кейбір жанар-жағармай құю бекеттері шекті бағаға қарамай, АИ-92 маркалы бензиннің бағасын 140 теңгеден асырды. Оның да өзіндік себептері бар секілді.

Күні кеше ғаламтор арқылы Батыс Қазақстан облысы Федоровка ауылындағы «Москвичи» деген жанар-жағармай құю бекетінің фотосы тарады. Ол жерде дизельді отынның бір литрі – 120 теңге (шекті бағасы – 115 теңге), АИ-80 – 95 теңге (шекті бағасы – 89 теңге), АИ-93 – 145 теңге (шекті бағасы – 128 теңге), ал АИ-95 маркалы бензиннің бағасын 160 теңгеге дейін көтеріп қойған. Көлік жүргізушілері «шекті баға» мәселесіне қайран қалып, бензинің құнын көтеріп қойған бекет қызметкерлерінен түсініктеме де алып көрген. Бірақ олар тұщымды жауап бере алмады.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай құбылыстың барлығы бензиннің көтерме бағасына байланысты болып тұр. Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарында жаңарту жұмыстарының атқарылып жатқанын ескерсек, әзірше бензиннің біраз бөлігін көрші Ресейден алып тұруға мәжбүрміз. Ал ол жақта АИ-92 маркалы бензиннің бағасы – 125 теңге. Бізде оны 128 теңгеден сату міндеттеліп отыр. Сонда кәсіпкерлер әрбір литрге 3-ақ теңге қосып, онымен тасымалдау, қызмет көрсету және тағы басқа шығындарын өтеуі тиіс. "Қазір бізде АИ-92-нің өз бағасы 160 теңгеден асады. Біздің жанар-жағармай құю бекеттері болса, барлығын 128 теңгеге сыйғыздыруы қажет. Ондай шығындарды кім көтереді?", - дейді мұнай саласындағы тәуелсіз сарапшы Сергей Смирнов.
Бензин бағасының мемлекет ырқына көнбей жатуына тағы бір себеп бар. Бүгінде ресейлік бензинді сатып алу тиімсіз болғаннан кейін «ҚазМұнайГаз» компаниясы жанар-жағармайдың біраз бөлігін өзі алып, министрлік оны әкімдіктер арқылы таратуы тиіс. Алайда бұл жұмыс та әділсіз атқарылып жатқанға ұқсайды. Мәселен, тамыздың соңында Гелиос мен ҚазМұнайГаз бекеттері АИ-92 маркалы бензиннің шамамен 18 мың тоннасын алса, қытайлық Sinooil-ға ең көп - 45 мың тонна бұйырды. «Бензиннің қалған бөлігі әкімдіктерге таратылды. Жалпы, 150 мың тоннадай бензин бөлінді. Енді 90 мың тонна бензиннің қайда кеткені белгісіз», - дейді Смирнов. Негізі, 150 мың тоннаның өзі аз болып тұр. Себебі Қазақстанда аталған маркалы бензинді тұтыну көлемі 300 мың тоннаға дейін жетеді.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...