Бензин мен дизель отыны қымбаттай ма? Министр жауабы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бензин мен дизель отыны қымбаттай ма? Министр жауабы Фото:elements.envato.com

Энергетика министрі Болат Ақшолақовқа бензин мен дизель отынының бағасы туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрі Болат Ақшолақовқа бензин мен дизель отынының бағасы туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл мәселе, әрине, маңызды және барлық азаматты алаңдатады. Бірақ алдағы 180 күнде жанар-жағармай бағасы өзгермейді. Тиісті бұйрыққа қол қойылған. Келесі жылы көреміз", - деді министр ОКҚ брифингінде журналистердің сұрағына жауап бере отырып. 

Ол көрші елдермен салыстырғанда жанар-жағармай бағасында айтарлықтай айырмашылық бар екенін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл жанар-жағармай ағынына алып келеді.

"Бұл баға айырмашылығы жыл сайын артып келеді. Қазір ол Ресей және Қырғызстанмен салыстырғанда екі еседен артық. Егер 2020 жылы нарыққа 424 мың тонна мұнай өнімдері жөнелтілген болса, биыл - 517 мың тонна және тапшылық байқалады. Бұл экспортқа қатысты, бізде транзиттік көлік көп", - деді министр.

Соған қарамастан, келесі жылға жанар-жағармай құнының айтарлықтай өсуіне қатысты жоспар мен болжам жоқ екенін түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети