Биткоин бағамы алғаш рет 100 мың доллардан асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биткоин бағамы алғаш рет 100 мың доллардан асты Фото:depositphotos.com / BiancoBlue

Биткоин бағасы тарихи максимумды жаңартып, алғаш рет 100 мың доллардан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биткоин бағасы тарихи максимумды жаңартып, алғаш рет 100 мың доллардан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Криптовалюта саудасының көлемі бойынша ең ірі биржа Binance платформасында биткоиннің бағасы 7 пайыздан астамға өсіп, 103 мың долларға жетті. Астана уақыты бойынша, сағат 08:45-те криптовалютаның құны 103 153 доллар болды.

Еске сала кетейік, АҚШ-тағы президенттік сайлауда Дональд Трамп жеңіске жеткеннен кейін биткоин бағасы бірнеше рет рекорд жаңартқан болатын. Әлемдегі ең танымал криптовалюта жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш – 38 505 доллардан екі есе өсіп, жоғарылады. Бұл Трамптың өз сайлауалды кампаниясы кезінде цифрлық активтерді қолдап, АҚШ-ты "планетаның криптоастанасына" айналдыруға және ұлттық биткоин қорын жинақтауға уәде бергенімен байланысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети