17 қаңтар 2018 | 09:19

Биыл "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру үшін қанша қаражат бөлінді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

2018 жылы "Нұрлы жол" бағдарламасын іске асыру үшін республикалық бюджет есебінен 120,9 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бас сарапшысы Құрманғожина Сара Жаңабайқызы Tengrinews.kz редакциясы жолдаған сауалхатқа берген жауабында айтты.


Иконка комментария блок соц сети

2018 жылы "Нұрлы жол" бағдарламасын іске асыру үшін республикалық бюджет есебінен 120,9 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бас сарапшысы Құрманғожина Сара Жаңабайқызы Tengrinews.kz редакциясы жолдаған сауалхатқа берген жауабында айтты.

"Бөлінген қаражаттың ішінде 9,9 миллиард теңге - ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша субсидиялар; 10,9 миллиард теңге - құрылыс салушылардың кредиттері бойынша субсидиялар; 24,0 миллиард теңге - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкті бюджеттік кредиттеу; 25,0 миллиард теңге - әкімдіктерде кезекте тұрған адамдар үшін жалға берілетін (сатып алу мүмкіндігінсіз) тұрғын үй құрылысына; 31,1 миллиард теңге - тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік инфрақұрылымды дамытуға; 20,0 миллиард  теңге - Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымының "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ алдында бұрын қабылдаған міндеттемелерін өтеуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферт", - делінген сарапшының сауалға берген жауабында.

Сонымен қатар, маман тұрғын үйдің сатылуынан түскен 139,4 миллиард теңгенің бюджеттен тыс қаражат жұмсауға жоспарланғанын айтып өтті.

"Оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты: 119,4 миллиард теңге -  ЖАО облигацияларын сатып алуға және ЕДБ-ге негізделген депозиттері арқылы; 20,0 миллиард теңге - Астана қаласындағы проблемалық тұрғын үй объектілерін аяқтауды қаржыландыруға бағытталады",- деп түсіндірді Сара Жаңабайқызы.

Өткен жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы қанша отбасы баспаналы болды?

Еске сала кетейік, осыған дейін маман "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы баспаналы болғысы келетіндерге кеңес берген еді.

Сондай-ақ, жақында ТҮҚЖБ арқылы қайталама нарықтан қалай баспана алуға болатыны айтылған еді. Ол кезде банк мамандары ТҮҚЖБ арқылы қайталама нарықтан үй аламын деген адамның екі жолдың біреуін таңдай алатынын мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети