Біз теңге бағамын нақтылы бір межеге жылжытып жатқан жоқпыз - Ақышев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Біз теңге бағамын нақтылы бір межеге жылжытып жатқан жоқпыз - Ақышев © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев баспасөз мәслихатының алдында доллардың арзандауын кездейсоқтық деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев баспасөз мәслихатының алдында доллардың арзандауын кездейсоқтық деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол 2015 жылдың 5 қарашасынан бастап Ұлттық банктің алтын-валюта сақтық қорларын сақтау мақсатында валюта нарығына қатысудан бас тартқанын еске салды. "Біз бағамның түбегейлі өзгеруіне бөгет боламыз, дегенмен қысқамерзімді ауытқуды реттейміз. Осы шешімнен кейін қарашада теңге бағамы 282 теңгеден 312 теңгеге дейін төмендеді. Кейін Ұлттық банктің қатысуынсыз теңге бағамы 307-308 теңгеге дейін нығая түсті. Осылайша қараша айында 9 пайызға өзгеріс болды. ҚР Ұлттық банкі қараша айында нарықтан 577 миллион доллар сатып алды. 5 қараша мен 30 қараша аралығын алсақ, сатып алу көлемі 943 миллион доллар болды. Валюта және қаржы нарығындағы тұрақтандырудан кейін теңге арзандай түсті. Оған мұнайдың арзандауы себеп болды. Желтоқсанның басынан бері доллар 18 пайызға арзандады", - деді Ақышев.

Айта кетейік, баспасөз мәслихатының алдында доллар 336,66 теңгеге дейін арзандады. "Біз валюта нарығын баспасөз мәслихатына дайындамаймыз. Қазір валюта нарығы Ұлттық банктің қатысуынсыз реттеліп жатыр - бұл кездейсоқтық. Қазір қоғам ішкі параметрлердің өзгерісіне қатты мән береді. Тағы да айтқым келеді, бұл факторлардың әсерлері тікелей емес. Мұнай бағасының өзгеруі доллар бағамының өзгеруіне сол сәтте әсер етпейді. Бұл ешқандай теорияға сәйкес келмейді. Біз бағамды белгілі бір нүктеге өзгертіп отырған жоқпыз. Мұнай бізде экспорттың 60 пайызын ғана құрайды. Таңғы сессияда доллар бағамының 336,66 теңгемен жабылуы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Біз тек бағамның макроэкономикалық, іргелі факторлардан қаншалықты өзгергенін қарай аламыз", - деді Ақышев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети