28 наурыз 2014 | 13:24

Бизнеске ауадай қажет екі заң шұғыл түрде қаралады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото government.kz сайтынан Фото government.kz сайтынан

Бүгін Министрлер кабинеті бизнеске ауадай қажет екі заң жобасын қабылдады. Үкімет басшысы Серік Ахметов аталған құжаттарды сәуірдің 1-іне дейін (келесі аптаның сейсенбісі - авт.) Парламент Мәжілісінің қарауына енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Министрлер кабинеті бизнеске ауадай қажет екі заң жобасын қабылдады. Үкімет басшысы Серік Ахметов аталған құжаттарды сәуірдің 1-іне дейін (келесі аптаның сейсенбісі - авт.) Парламент Мәжілісінің қарауына енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлер кабинеті "Рұқсат беру және ескерту құжаттары туралы", сондай-ақ "Рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірауыздан мақұлдады. Үкімет басшысы С.Ахметов атап көрсеткендей, аталған заң жобалары еліміздегі рұқсат беру жүйесінің бірқатар мәселелерін шешуге мүмкіндік бермек. Ал, ең бастысы, соның арқасында бизнестен негізсіз рұқсат беру құжаттарын талап ету оқиғалары тыйылады. 

"Осыған орай, өңірлік даму министрлігі сәуірдің 1-іне дейін заң жобасын ("Рұқсат беру және ескерту құжаттары туралы"- авт.) Мәжілістің қарауына енгізсін. Сондай-ақ аталған құжаттарды шұғыл қабылдау қажеттігі жөнінде Мемлекет басшысының атына тиісті хаттың жобасы дайындалсын. Біз осы мәселе туралы талай рет айттық. Президент те оны қолдап отыр", - деді Үкіметтің бүгінгі отырысында Премьер-министр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети