25 маусым 2014 | 14:33

Бизнесмендердің айыппұлдарына кешірім жасалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ru.freepik.com ©Ru.freepik.com

Қазақстан кәсіпкерлерінің 2013 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың қаңтарына дейін салық органдарының есебіне алынған айыппұлдарына кешірім жасалады. Бұл туралы Премьер-министр Кәрім Мәсімов Астанада кәсіпкерлердің бірінші съезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан кәсіпкерлерінің 2013 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың қаңтарына дейін салық органдарының есебіне алынған айыппұлдарына кешірім жасалады. Бұл туралы Премьер-министр Кәрім Мәсімов Астанада кәсіпкерлердің бірінші съезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үкімет салық амнистиясын жүргізу жөнінде бастама көтерді. Бизнесті 2013 жылдың 1 қаңтарынан 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін салық органдарының есебіне алынған айыппұл өсімдерінен босатуды жоспарлап отырмыз. Амнистия жүргізу кәсіпкерлердің бұл қаражатты бизнесті дамыту мен кеңейтуге жұмсауына мүмкіндік береді. Мен Бақыт Сұлтановқа осыған байланысты Салық кодексіне тиісті өзгертулер мен толықтыруларды қарау мен қабылдауды тапсырамын", - деді Мәсімов.

Ол Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және Кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен бірге Үкіметке бір ай ішінде аккредиттелген ұйымдар мен Ұлттық палата жанындағы қауымдастықтарды салалық зерттеулер жүргізу, стандарттар мен регламенттер жасау процесіне белсенді түрде араластыру мүмкіндігін қарастыру жөнінде ұсыныстар дайныдап, енгізуді тапсырды.

"Мемлекеттік тапсырмалар тізімін қалыптастыру кезінде Ұлттық палатаның ұстанымын ескеру қажет. Мен Өңірлік даму министрлігіне бір ай мерзім ішінде Үкіметке мемлекеттік органдардың Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы жүйесімен өзара әрекеттесуінің типтік регламенті жобасын енгізуді жүктеймін. Жеке пікір мен мүддеге тәуелді болмау үшін кімнің неге жауап беретінін айқындайтын инструкция-регламент сияқты қандай да бір құжат болуы тиіс", - деді Мәсімов.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети