Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2016 жылы Ұлттық банкке зейнетақы қаражатын басқаруға төленетін комиссияның бір бөлігін аудармаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасы Нұрбүбі Наурызбаева Алматыда өткен баспасөз конференциясында айтты.

"БЖЗҚ-ның Ұлттық банкке төлеген комиссиясы жайлы айтатын болсақ, өткен жылы комиссия 3,6 миллиард теңге болды. Біз Ұлттық банкке бюджетте жоспарланған 20 миллиард теңгені түгел төлемей қалдық. Мұның барлығы зейнетақы активтерін басқарудағы нәтижелерден шығып отыр", - деді Нұрбүбі Наурызбаева.
Сондай-ақ, ол Ұлттық банктің комиссиясы қаржы құралдарының түріне байланысты 0,03 пайыздан 0,06 пайызға дейін жететінін айтты.