Энергетика министрі Қанат Бозымбаев үкімет ғимаратындағы баспасөз мәслихатында бензин бағасы жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Энергетика министрі Қанат Бозымбаев үкімет ғимаратындағы баспасөз мәслихатында бензин бағасы жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз әрине, жанармай құю бекеттеріндегі бағаларды қайта тіркей аламыз. Бірақ мұның арты не болады? Жанармай құю бекеттеріндегі бағаларды тіркесек, импортшылар шығынға бата отырып, мұнда бензин әкелмейді. Проблема туындап, жанармай құю бекеттерінде 30 пайыз дефицит басталады. Біз мұндайдан өткенбіз. Иә, бензин қымбатырақ, бірақ бар. Жоқ бензиннен, қымбат бензин артық. Арзан болса, одан да жақсы болар еді. Дефицит болса, сапасы нашарлайды, қозғалтқыштар бүлінеді. Сондықтан үш мұнай өңдеу зауытын модернизацияламайынша, Ресей нарығына тәуелділік сақталады", - деп мәлімдеді Қанат Бозымбаев.
Айтуынша, Қазақстан толықтай импортты алмастыруға көшсе, бензин бағасы өзгере бастайды, себебі оны қазақстандық үкімет реттейді.
"Сол кезде біз нарыққа бұдан да қатты әсер ете аламыз. Бірақ біздің бензин ресейлік бензиннен екі есе арзан болады деуге келмейді, өйткені біздің баға ресейліктен екі есе төмен болса, бізде бензин болмайды, оны Ресейге алып кетеді, себебі біздің шекарамыз ашық. Бірыңғай нарыққа көштік десек, екі елдің бағасы бір көрсеткішке жақын болады, бірақ айырмасындағы табысты қазақстандық зауыттар алып отырады, олар салық түрінде бұл қаражатты бюджетке қайтарады", - деді министр.