11 ақпан 2014 18:27

Бір айдың ішінде бензиннің бағасы қымбаттауы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото voodle.ru сайтынан Фото voodle.ru сайтынан

Бүгінгі девальвациядан кейін Премьер-министр Серік Ахметов шұғыл селекторлық кеңес өткізіп, азық-түлік және бензин бағасын негізсіз көтеруге қарсы шараларды қолға алуды тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бүгін ұлттық банк валютаның жаңа бағамын жариялады. Осыған байланысты бізге (Үкімет мүшелеріне - авт.) ұлттық банкпен бірлесе отырып, бағаны негізсіз көтеруге қарсы шұғыл шараларды қолға алуымыз қажет. Әсіресе, ол күнделікті тауарлардың бағасына қатысты", - деп атап көрсетті С.Ахметов. Сондай-ақ Үкімет басшысы АИ-92 маркалы бензиннің бағасын ұстап тұруды тапсырды. Алайда ҚР мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалиннің айтуынша, аталған бензиннің қоры тек 30-45 күнге ғана жетеді. Оның жалпы қоры 244 мың тоннаны құрап отыр. "Ол бензиннің бір бөлігі Ресейден тасымалданады. Сондықтан теңгенің бағамы өзгергеннен кейін бұл бензиннің бағасы көтеріледі. Біз оның бағасын ұстап отырсақ, қазіргі қор таусылған кезде бензин тапшылығы туындайды", - деді Ұ.Қарабалин. Соған қарамастан, Премьер-Министр аталған министрлік пен табиғи монополияларды реттеу агенттігіне АИ-92 маркалы бензиннің бағасын 1-1,5 ай бойы ұстап тұруды тапсырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети