18 ақпан 2014 | 12:23

Бір сиырдың бір ауылды асырайтынын ұқпаса Үкімет үкімет бола ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©atmagro.ru ©atmagro.ru

Бүгінде елімізде қазақтың ақбас сиырдың саны 125 мың бастан асады. Алдағы 4-5 жылдың ішінде ол екі есеге көбейеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақтың ақбас сиыры" республикалық палатасының директоры Қабыл Исабековке сілтеме жасап. Оның хабарлауынша, қазіргі кезде республика бойынша 1,5 мыңға жуық шаруа қожалықтары қазақтың ақбас сиырын өсіреді. Олардың қолында аталған тұқымға жататын 125 мыңдай таза ақбас бар. Дегенмен, оның барлығына геномдық зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Себебі қазақтың ақбас сиырына жататын селекцияның жүздеген түр-тұрпаты бар. "Бұдан басқа, малды өсірумен айналысатын мамандардың біліктілігін барынша көтеру керек", - деді Үкіметтің бүгінгі отырысында Қ.Исабеков. Алайда оның баяндамасы Премьер-министр Серік Ахметовтың көңілінен шыққан жоқ. "Қабыл Исабекұлы, қарапайым тілде сөйлейікші? Қазақтың ақбас сиырын көбейту үшін не істеуіміз керек? Әйтпесе, бүгінде біздің кейбір ғалымдарымыз шенеуніктер ұқсап әдемі сөйлей бастады... Бізге нақты айтыңызшы, біздің "туған" тұқымымыз - ақбас сиырды бүкіл Қазақстанға тарату үшін Үкімет тарапынан қандай көмек керек? Сиырдың түр-түрін жан-жақтан әкелудің қандай қажеті бар осы?", - деп атап көрсетті С.Ахметов. Қ.Исабековтың сөзіне сенсек, бүгінде қазақтың ақбас сиырын өсіру жұмысы ойдағыдай атқарылып жатыр. Үкімет тарапынан бөлініп жатқан қаржы да аз емес. Премьер-министр: "Енді, қазіргі жұмыстың нәтижесі қандай және қашан болады?", - деп сұрақты төтесінен қойды. "Алдағы 4-5 жылда қазақтың ақбас сиыры, кем дегенде, екі есеге көбейіп, 250 мың басқа дейін жетеді", - дейді Қ.Исабеков.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети