18 қазан 2014 12:24

"Брат", "сват" приватизацияны тағы да "прихватизацияға" айналдырып бара ма, қалай?

©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Тоқырауға тап болған тоқсаныншы жылдары жекешелендіру даурығымен талай дүние шашылып-төгіліп, қирап қалғаны тарихтан аян. Қолында биліктің бишігі барлар жылдар бойғы елдің игілігін бауырына басып-басып қалған сол тұс. Жасыратын несі бар, дүркіреп тұрған өндіріс, кәсіпорын – ұйымдардың дымы шықпай қалғанды. Оларды ғимараттарымен қоса қабат қара бақырға алып, ақыр соңында бөлшектеп-бөлшектеп быт-шытын шығарғаны және мәлім. Қара халық құлақтанбай-ақ өзара бөліске түскен-ді. Сөйтіп, приватизация «прихватизацияға» айналып шыға келген-ді. Бұл - ащы сабақ-тын. Бірақ, маңдайымыздан сор арылмаған елміз ғой, жекешелендірудің бүгінгі толқыны да тоқсанның жекешелендіруден асып-түсіп тұрғаны шамалы сияқты. Бұлай қара аспанды төндіруімізге себеп – Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбековтің мәлімдемесі. Оның айтуынша, мемлекеттік мүлік реестрінің порталында жарияланған деректерге сәйкес 2014 жылы сатуға шығарылған 306 нысанның үздік 43-і жұртқа жария етілместен ендігі сатылып кеткен.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram