17 наурыз 2014 | 20:29

Бұл аптада теңге бағамы айтарлықтай өзгермейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Осы аптада теңгеміздің басқа валюталарға қатысты бағамы айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Альпари" компаниясының бас сарапшысы Анна Бодрова хабарлады. Сарапшының сөзіне қарағанда, наурыздың 17-і мен 21-і күндері доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 181,95-182,60 аралығында болса, ал евро құны 252,15-253,85 шамасында тұрақтамақ. Бодрова сондай-ақ, теңгенің рубльге шаққандағы көлемі де айтарлықтай деңгейде өзгермейтінін, бір рубль 4,92-5,05 аралығында болатынын айтты. "Наурыздың 17-і күні сыртқы жағдайларға байланысты валюталар арасында болмашы ғана айырмашылық орын алғандықтан, оның әсері сезілмей де қалды", - деді ол. Бодрова атап өткеніндей, дәл қазір теңге бағамы бір долларға қатысты 182 деңгейінде мығым тұр. Бұл үрдіс қазақстандық валютаның наурыз айының екінші жартысында жеткен жетістігі болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстанның Ұлттық банкі теңге бағамын сыртқы ықпалдардан лайықты деңгейде қорғап қалуда. "Теңгенің бір деңгейде тұрақты болып қалуына ресейлік Центробанктің монетарлық саясатының да әсері жоқ деп айта алмаймыз",- деді ол. "Ресейдегі қазіргі жағдай Кедендік Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы тауар айналымына айтарлықтай кері әсерін тигізе қойған жоқ. Соған қарамастан қазақстандықтардың басым көпшілігі банктердің қызметіне сақтықпен қарауға көшкен және қолда бар ақшаларын не үйлерінде, не болмаса алдарына нақты мақсат -міндеттер қоймастан тезірек жұмсап жіберуге тырысуда", - деді валюта нарығының сарапшысы. Бодрова ханым, дамушы елдердің экономикасынан капиталдардың сыртқа кетіп жатқаны Қазақстанға әсер етпей қоймайтынын да айтып қалды. Оның пайымдауынша, дәл қазіргі уақытта теңге бағамына сыртқы қауіптің ықпалы бола қоймайды. Себебі, монетарлы саясат Центробанкпен кепілдендірілген. "Соған қарамастан валюта бағамын тұрақты ұстап тұру шарасы көп қаржыны талап ететіні белгілі", - деді. Ол сондай-ақ соңғы 4 жылда Қазақстан экономикасына салынған тікелей инвестициялардың қайтара сыртқа кетуі жылына шамамен 22,5 миллиард долларды құрап келген болса, 2014 жылы да сол шамадағы қаржы шекара асып кетуі мүмкін екенін жеткізді

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети