БЖЗҚ зейнетақы активтері 8,45 триллион теңгеге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

БЖЗҚ зейнетақы активтері 8,45 триллион теңгеге жетті

"БЖЗҚ" АҚ өзінің ресми сайтында зейнетақы активтерінің портфелін басқару бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инвестициялық қызметі туралы ай сайын ақпарат жариялап отырады. 2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ инвестициялық портфелінің толыққанды құрылымы мына сілтеме бойынша қолжетімді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"БЖЗҚ" АҚ өзінің ресми сайтында зейнетақы активтерінің портфелін басқару бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инвестициялық қызметі туралы ай сайын ақпарат жариялап отырады. 2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ инвестициялық портфелінің толыққанды құрылымы мына сілтеме бойынша қолжетімді.

ҚР Ұлттық Банкі ұзақ мерзімді келешекте табыстылықтың тұрақты деңгейін қамтамасыз ету мақсатында өзінің инвестициялық стратегиясында әртараптандырылған инвестициялық портфель тұжырымдамасын ұстанады. Инвестициялық портфель әр түрлі қаржы құралдарынан тұрады. 

Қордың мәліметінше, 2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ҚР Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 8,45 триллион теңгеге жетті.

Қазіргі уақытта портфельдің негізгі бөлігі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына" тиесілі. Олардың пайыздық үлесі - 46,74 пайыз болды. Ағымдағы құны - 3,95 триллион теңге.

Екінші орында "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары". Олардың портфельдегі үлесі - 14,22 пайыз. Ал ағымдағы құны - 1,2 триллион теңге.

Үшінші орында "Шет мемлекеттердің мемлекеттік құнды қағаздары" деп аталатын қаржы құралдары. Олардың портфельдегі үлесі - 10,22 пайыз болса, ағымдағы құны - 863,25 миллиард теңге.

Инвестициялаудың тағы бір бағыты - ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары. Олардың портфельдегі үлесі - 8,66 пайызды, ал ағымдағы құны 731,56 миллиард теңгені құрады.

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған осы және өзге де қаржы құралдары теңгеде (67,89 пайыз), АҚШ долларында (31,60 пайыз) және Ресей рублінде (0,41 пайыз) номинирленген. 

Бұл ретте 2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі борыштық қаржы құралдарын өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 7,2 пайыз құрады, оның ішінде теңгеге номинирленген - жылдық 8,4 пайыз, шетелдік валютада жылдық 4,4 пайыз болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети