Дағадарыстан шығу жолы еңбекақыға әсер етпеді. ЖІӨ 4,2 пайызға артқанымен қазақстандықтардың сатып алу әлеуеті ары қарай төмендеп барады - жылына 2,4 пайыз. Energyprom.kz сараптамасында осылай делінген.
Дағадарыстан шығу жолы еңбекақыға әсер етпеді. ЖІӨ 4,2 пайызға артқанымен қазақстандықтардың сатып алу әлеуеті ары қарай төмендеп барады - жылына 2,4 пайыз. Energyprom.kz сараптамасында осылай делінген.
2017 жылдың бірінші жартыжылдық қорытыныдысы бойынша, орташа еңбекақы көлемі - 144,95 мың теңге. Бұл былтырғы көрсеткіштен 5,1 пайызға артық. Ал қазақстандықтардың сатып алу әлеуеті керісінше, 2,4 пайызға төмендеген.
Еліміздің модернизация мен сандық технологияға көшуге бағыт алғанымен, сатып алу әлеуеті қатты нашарлағандардың алдында ғылым және техникалық мамандық иелері тұр. Алғашқы жартыжылдықта олардың еңбекақысы 19,7 пайызға қысқарған.
Сатып алу мүмкіндігі төмендегенімен Қазақстан бойынша ғылым саласындағы қызметкерлердің еңбекақысы ең жоғарылардың бірі болып қалып отыр. Олардан жоғары еңбекақыны тек қаржы және сақтандыру саласының қызметкерлері алады - 303,13 мың теңге.
Ал сатып алу мүмкінідігі қатты төмендеген аймақ Атырау облысы: - 10,9 пайыз. Қазақстан бойынша ең жоғары еңбекақы осы өңірде екенін де айта кету керек.
Елімізде сатып алу әлеуеті 2015 жылдан құлдырай бастаған (-2,3 пайыз).
Дағдарыс басталған жылы ЖІӨ өсімі төмендеген, мұның алдында жылына +4-7 пайыз болса, 2015 жылы +1 пайыз ғана. Ал биыл ЖІӨ өсімі қайтадан артып, былтырғы жылмен салыстырғанда +4,2 пайызға артық болып отыр. Дегенмен ЖІӨ көрсеткішінің артуы еңбекақыға оң әсер етпей отыр және сатып алу мүмкінігі керісінше, ары қарай құлдырап барады.