ДАИШ Ирактың мұнай мен газын сегіз ай ішінде 800 миллион долларға Түркияға сатқан, - деп хабарлайды РИА Новости Ирактың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі және "Мемлекет заңы" парламент коалициясының лидерлерінің бірі Мувафака ар-Рубаиға сілтеме жасап.

Арнайы қызметтердің мәліметінше, Ирактың мұнай өнімдерін "қара базардағы" саудасы әлемдік бағалардан екі есе арзан бағамен жүзеге асырылған. "Біз мұны ДАИШ-тың қоректеніп отырған оттегісі дейміз және біз осы оттегіні жауып тастасақ қылғындырып тастаймыз", - деді ар-Рубаи.
Осыған дейін Сирияның СІМ басшысы Валид Муаллем Түркия президенті Тайып Ердоғанның баласының ДАИШ-пен мұнай саудасына қатысы бар болуы мүмкін екендігін жеткізген еді. Сонымен бірге, Муаллем Түркияның Су-24 ұшағын Ердоғанның баласының мұнай компаниясының мүддесі үшін атып түсіргенін атап өтті.