Фото ortcom.kz сайтынан
Биыл көптеген аудандарда кәсіпкерлікті қолдаудың жүздеген орталықтары ашылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғаринге сілтеме жасап. Вице-министрдің хабарлауынша, аталған орталықтар әрбір аудан орталығында ашылады. Қазіргі кезде 17 қызмет көрсету орталығы бар. Соның барлығы тек қалаларда ғана жұмыс істейді. Онда есеп-қисап, салық және бизнес жоспарлау бойынша кәсіби кеңестер беріледі. "Шынын айту керек, бүгінгі таңда біздің кәсіпкерлер өз идеяларын сауатты түрде қағазға түсіре алмайды. Ал кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылғаннан кейін жағдай өзгере бастады", - деді бүгінгі брифингте вице-министр С.Жұманғарин. Бұған дейін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген "Даму" қорының төрайымы Ләззат Ибрагимова атап көрсеткендей, биыл республика бойынша 163 қызмет көрсету орталығы ашылуы тиіс. Ол жерде тек кеңес беріліп қана қоймай, өз кәсібін ашамын деген азаматтар үшін арнайы тренингтер де өткізіледі деген жоспар бар. Осылайша, ағымдағы жылы "Даму" қорының негізгі клиенттері ауыл кәсіпкерлері болады.
Биыл көптеген аудандарда кәсіпкерлікті қолдаудың жүздеген орталықтары ашылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғаринге сілтеме жасап.
Вице-министрдің хабарлауынша, аталған орталықтар әрбір аудан орталығында ашылады. Қазіргі кезде 17 қызмет көрсету орталығы бар. Соның барлығы тек қалаларда ғана жұмыс істейді. Онда есеп-қисап, салық және бизнес жоспарлау бойынша кәсіби кеңестер беріледі. "Шынын айту керек, бүгінгі таңда біздің кәсіпкерлер өз идеяларын сауатты түрде қағазға түсіре алмайды. Ал кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылғаннан кейін жағдай өзгере бастады", - деді бүгінгі брифингте вице-министр С.Жұманғарин.
Бұған дейін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген "Даму" қорының төрайымы Ләззат Ибрагимова атап көрсеткендей, биыл республика бойынша 163 қызмет көрсету орталығы ашылуы тиіс. Ол жерде тек кеңес беріліп қана қоймай, өз кәсібін ашамын деген азаматтар үшін арнайы тренингтер де өткізіледі деген жоспар бар. Осылайша, ағымдағы жылы "Даму" қорының негізгі клиенттері ауыл кәсіпкерлері болады.