Депутат Келімбетовтен теңгеге деген сенімді күшейтуді сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат Келімбетовтен теңгеге деген сенімді күшейтуді сұрады Иллюстрация. ©Tengrinews.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Жұматай Әлиев Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетовтен теңгеге деген сенімді арттыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент Мәжілісінің депутаты Жұматай Әлиев Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетовтен теңгеге деген сенімді арттыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түйгендерімді айтқым келеді. Соңғы уақытта Қайрат Нематұлына (Келімбетовке - Авт) депутаттардың сұрағы жиналып қалды, депутаттар бүгінгі жағдайды түсінеді. Қайрат Нематұлы сұхбаттарының бірінде доллардың рубльге бағамы 1 тиын 43 болып тұрған кезде беріктілік қоры жеткілікті екенін айтты. Рубль күн сайын түсіп жатыр, Ресей құбылмалы рубльге өтті, әрі қарай да түсе бере ме, оны ешкім болжап біле алмайды", - деді Әлиев Мәжілістегі жалпы отырыста "ҚР "2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңына өзгерту енгізу туралы" заң жобасын талқылау кезінде. 

Оның айтуынша, теңгеге деген сенімді күшейту кажет. "Теңге бағамын осы қалпында қалдыру керек, экономиканың долларизациясы жүріп жатыр, адамдар долларға өтіп жатыр, Ұлттық банк сенімді болуы керек, әңгіме айтып, жиі көрінуі керек. Президент те бұл туралы айтты: біз теңгеге деген сенімді күшейтуіміз керек. Яғни теңгені осы позицияда қалдыра аламыз деп санайтын экономистердің позициясын күшейту керек және бізге құбылмалы теңгеге өту қажет емес, қолдау керек. Сондықтан, Қайрат Нематұлы, адамдардың теңгеге сенімі болуы үшін, долларизацияға бармауы үшін ары қарай нұсқаларды ведомствомен бірге аяқтайсыздар", - деді депутат.

Бұған дейін Келімбетов девальвация туралы пікір білдіре отырып, алаңдауға еш себеп жоқтығын мәлімдеген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети