©tengrinews.kz
"ҚазАгро" холдингі долларға шаққандағы ұлттық валюта бағамының өзгеруі шарты бойынша өз тұтынушыларына жағдайдың салдарын жеңілдету үшін барлық шараларды қабылдайды деп хабарлайды Tengrinews.kz Дулат Айтжановқа сілтеме жасап. Теңгенің құнсыздануына байланысты холдинг өзінің компаниялар тобымен агроөнеркәсіп кешендеріне берілген несиелердің негізгі бөлігін индекстемейді. Борышкерлердің басым бөлігі үшін несиелеу шарты баяғы күйінде қалады. Сондай-ақ, міндеттемелер көбеймей, қарыз бастапқы бекітілген кесте бойынша кері қайтарыла береді. "ҚазАгро" холдингінің несиелік портфелі 343,3 млрд. теңгені құрайды. Оның 26,7 млрд. теңгесі валютаға түбегейлі байланған. Өйткені, қаржыландыру көзі сыртқы нарықтан немесе шетелдік қаржы институттарының қаржылық тізіміне байланысты. Аталған бағдарламалар бойынша біз борышкерлер үшін тиісті бәсеңдету шараларын қабылдаймыз", - деді Д.Айтжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Қазір аграрлық несиелік корпорация Дрезнер банкінен тартылған қаржы есебінен несиелендірілген борышкерлер бойынша қарыз фиксациясын теңге бойынша қарастыруға тастүйін дайын. Яғни, 11 ақпан күнгі Ұлттық Банктің ресми валюта бағамына сәйкес 155,56 теңгемен бағалайды.
"ҚазАгро" холдингі долларға шаққандағы ұлттық валюта бағамының өзгеруі шарты бойынша өз тұтынушыларына жағдайдың салдарын жеңілдету үшін барлық шараларды қабылдайды деп хабарлайды Tengrinews.kz Дулат Айтжановқа сілтеме жасап.
Теңгенің құнсыздануына байланысты холдинг өзінің компаниялар тобымен агроөнеркәсіп кешендеріне берілген несиелердің негізгі бөлігін индекстемейді. Борышкерлердің басым бөлігі үшін несиелеу шарты баяғы күйінде қалады. Сондай-ақ, міндеттемелер көбеймей, қарыз бастапқы бекітілген кесте бойынша кері қайтарыла береді.
"ҚазАгро" холдингінің несиелік портфелі 343,3 млрд. теңгені құрайды. Оның 26,7 млрд. теңгесі валютаға түбегейлі байланған. Өйткені, қаржыландыру көзі сыртқы нарықтан немесе шетелдік қаржы институттарының қаржылық тізіміне байланысты. Аталған бағдарламалар бойынша біз борышкерлер үшін тиісті бәсеңдету шараларын қабылдаймыз", - деді Д.Айтжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Қазір аграрлық несиелік корпорация Дрезнер банкінен тартылған қаржы есебінен несиелендірілген борышкерлер бойынша қарыз фиксациясын теңге бойынша қарастыруға тастүйін дайын. Яғни, 11 ақпан күнгі Ұлттық Банктің ресми валюта бағамына сәйкес 155,56 теңгемен бағалайды.