Доллар 355,52 теңгеге дейін қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар 355,52 теңгеге дейін қымбаттады © Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясында доллар 355,52 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, бұл бағам тарихи антирекорд болып отыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

KASE таңғы сессиясында доллар 355,52 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, бұл бағам тарихи антирекорд болып отыр.

Таңғы сессиядағы алғашқы келісім 354,6 теңгемен басталды. Ең төменгі баға да осы. Ең жоғарғы баға 356,35 теңге болды. Саудаға валюта нарығының 17 мүшесі қатысты. Сессияда сауда көлемі 50,4 миллион доллардан асты. Айта кетейік, ақша айырбастау орындарында шетел валютасы 354-357 теңге аралығында сатылып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін тарихи антирекорд 2015 жылдың 21 желтоқсанында 349,2 теңгемен жаңарған болатын. Келесі күні Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев баспасөз мәслихатын өткізді. Жиын басталар алдында теңге тұрақтанды, дегенмен бағам кейін қайта өсе бастады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети