14 наурыз 2014 19:50

Доллар әлсіреп, алтын бағасы күш алып тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақмыс" корпорациясы сарапшыларының айтуына қарағанда доллардың әлсіреп, акциялар нарығының тұралауынан алтын бағасы күннен күнге өсіп барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Лондон мен Нью-Йоркте алтын бағасы өскен. Мәселен, Лондонның спот (London Fixing) нарығында соңғы сауда-саттық күні (13 наурызда) алтынның унциясы 1366-дан 1368,75 долларға өсті. Осы уақыт барысында Нью-Йорктің New York Mercantile Exchange (NYMEX) тауар биржасында алтын құны 1370,3-тен 1372,2 долларға артқан. Сондай-ақ сарапшылар Қытай экономикасы өсімінің баяулауы және Украинаға қатысты саяси шиеленістің ушығуы салдарынан алтын бағасының күш алғанын айтады. Тарихта алғаш рет Қытайдың корпоративтік дефолты 11 наурызда, сейсенбіде мыс нарығындағы бағаның құлауына әсер етіп, ол өз кезегінде алтынның бағасын арттырған, өйткені қаржылық жағдайдың тұрақсыздығы сипат алып, соның салдарынан инвесторлар қорғаныс активі ретінде тағы да алтынға жүгінген. Сарапшылар мәліметі бойынша, ең алдымен Қырымда 2014 жылдың 16 наурызында өтетін референдумға байланысты Украинадағы жағдай қайтадан шиеленісіп барады. "Украина шекарасы маңындағы ресейлік әскердің әскери жаттығуы да осы аймақтағы инвесторлардың үрейіне түрткі болған" - дейді сарапшылар. Еуропалық одақ, Канада, Жапония, Түркия және АҚШ Ресейге экономикалық санкция енгіземін деп қоқан-лоқы көрсетіп отырғаны белгілі. Reuters агенттігі сарапшыларының пікірінше, Қытайдағы және Украинадағы жағдайға байланысты қауіп-қатер "тәуекелдері" алтынның күш алуына серпін беретін фактор, ол қорғаныс активі ретіндегі бағалы металдың сұранысын арттырып отыр. Шетелдік сарапшылар алдағы экономикалық және саяси жағдайларға байланысты алтын әлі де қымбаттайды деп санайды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети