Доллар арзандай түсті

28 Қаңтар 2016, 15:56
1
Доллар арзандай түсті - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 370,9 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осылайша, шетел валютасы таңғы сессияға қарағанда 3 теңгеге арзандап отыр.

Күндізгі сессияда алғашқы келісім 372,8 теңгемен басталды. Сессия саудасындағы ең жоғарғы баға да осы болды. Ал саудадағы ең төменгі келісім 370,34 теңгемен жасалды. Сессияда сауда көлемі 81,15 миллион доллардан асты.

Айта кетейік, доллардың арзандауы мұнай бағасының өсуімен байланысты болып отыр. Лондон ICE Futures биржасының мәліметтеріне сәйкес, бүгін Brent маркалы мұнайдың баррель құны 33 доллар болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай