Доллар бағамы 264 теңгеден асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар бағамы 264 теңгеден асты © Тұрар Қазанғапов

11 қыркүйектегі KASE кешкі сессиясында доллар бағамы 264,15 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, 11 қыркүйектегі KASE күндізгі сессиясында 258,48 теңгеге жеткен болатын.

Кешкі сессиядағы сауда 267 теңгемен басталды. Ең жоғарғы баға - 268 теңге, ал ең төменгісі - 263 теңге. Саудаға валюта нарығының 20 мүшесі қатысты. Сауданың көлемі 26,7 миллион доллардан асты. Ақша айырбастау орындары долларды 267 теңгемен сатып жатыр. Күндізгі сессяға қарағанда доллар 6 теңгеге өссе, таңғы сессиядағы бағамнан 12 теңгеге қымбаттады.

Еске сала кетейік, бұған дейін доллар бағамына түсінік берген Ұлттық банктің өкілдері банктің валюта нарығындағы жағдайға араласпағанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, шетел валютасы үшін ең қолайлы баға 240 теңге шамасында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети