Доллар бағамы 308 теңгеден асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар бағамы 308 теңгеден асты © Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 308,36 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жұма күнгі көрсеткіштен шамамен 50 тиынға жоғары. Ол күні шетел валютасы күндізгі сессия кезінде 307,87 теңге болған еді.

2015 жылдың 16 қарашасында таңғы сессия кезінде алғашқы келісім 308,2 теңгемен басталды. Бұл ең төменгі баға болды. Ең жоғарғы баға - 308,45 теңге. Сауда көлемі 72,5 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 21 мүшесі қатысты. Ақша айырбастау орындарында доллар 307-310,3 теңге аралығында сатылып жатыр.

Еске сала кетейік, 5 қарашада Ұлттық банк резервтерді сақтау үшін ішкі валюта нарығына қатысуын қысқартатыны туралы мәлімдеме жасады. Теңгенің айырбастау бағамының бұдан былайғы серпіні негізінен әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы баға ахуалының серпінімен айқындалатын факторлардың әсерінен қалыптасатын болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети