Доллар бағамы 350 теңге межесінен асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар бағамы 350 теңге межесінен асты © Тұрар Қазанғапов

KASE қор биржасының 2016 жылдың 8 қаңтарындағы таңғы сессияның қорытындысы бойынша, доллар 351,85 теңгеге тең, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін доллардың максималдық құны 349,12 теңге еді.

Таңғы сауданың бірінші келісімі 351,5 теңгемен жасалды. Осы баға минималдық болып тіркелді. Максималдық құны - 352,5. Сауданың жалпы көлемі 47,4 миллион доллар. Саудаға жалпы 22 қатысушы араласты. Kurs.kz мәліметінше, айырбас пункттерінде доллар 350-355 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 2016 жылдың алғашқы сессиясында доллар бағамы 343 теңгеден астқан еді. Осыған дейін Bloomberg 2016 жылы доллардың канадалық долларды, британ фунт стерлингін және норвег кронынан қоспағанда барлық валютаға деген қатынасында нығаятынын хабарлаған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети