Доллар бағамы 375 теңгеден асты

© Тұрар Қазанғапов

KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 375,45 теңгемен қорытындыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осылайша шетел валютасының бағамы 19 қаңтардағы көрсеткішке қайта оралды.

Күндізгі сессияда алғашқы келісім 374,24 теңгемен жасалды. Сессиядағы саудада ең төменгі көрсеткіш 373 теңге болса, жоғарысы 376,85 теңгеге жетті. 

Еске сала кетейік, бүгін мұнай бағасы тағы арзандаған болатын. Нью-Йорктің тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың баррель бағасы 2,74 пайызға, яғни 27,68 долларға дейін арзандады. Ал Лондон биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 1,67 пайызға құлдырап, баррель құны 28,28 доллар болды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама