20 қаңтар 2016 12:22

Мұнай тағы арзандады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Әлемде мұнай бағасы тағы арзандады, - деп хабарлайды Газета.Ru Лондон мен Нью-Йорк биржасындағы электронды сауда мәліметтеріне сілтеме жасап.


Әлемде мұнай бағасы тағы арзандады, - деп хабарлайды Газета.Ru Лондон мен Нью-Йорк биржасындағы электронды сауда мәліметтеріне сілтеме жасап.

Нью-Йорктің тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың баррель бағасы 2,74 пайызға, яғни 27,68 долларға дейін арзандады.

Ал Лондон биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 1,67 пайызға құлдырап, баррель құны 28,28 доллар болды.

Еске сала кетейік, Ираннан санкциялар алынғаннан кейін 18 қаңтардың сауда сессиясының басында Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 28 доллардан түскен болатын. Bloomberg басылымының мәліметінше, мұнай Иранға қатысты санкциялардың алынуының және мұнай қорларының шектен тыс көп болуының фонында арзандаған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети