Доллар бағамы 273 теңгеден асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар бағамы 273 теңгеден асты © Tengrinews.kz

KASE қор биржасының 14 қыркүйек күнгі таңғы сессиясында доллар бағамы 273,55 теңгеге дейін өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа мәліметтеріне сілтеме жасап. Шетел валютасы кезекті рекордын жаңартып отыр. Бұған дейінгі рекорд 11 қыркүйектің кешкі сессияда жаңарған еді. Сол уақытта бір доллар 264,2 теңгеге бағаланған еді.  

Жалғасы

Айта кетейік, 10 қыркүйек күнгі KASE кешкі сессиясында доллар бағамы 255,38 теңгеге дейін өскен болатын. Келісімнің жалпы көлемі 15,9 миллион доллар болды. Саудаға валюта нарығының 14 мүшесі қатысты. Ал 11 қыркүйектегі KASE күндізгі сессиясында доллар 258,48 теңгеге жеткен еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін доллар бағамына түсінік берген Ұлттық банктің өкілдері банктің валюта нарығындағы жағдайға араласпағанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, шетел валютасы үшін ең қолайлы баға 240 теңге шамасында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети