Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 4,99 теңгеге көтеріліп, 458,13 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 23 тамыздағы ресми бағамы - 453,13 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 457,69 теңге, сату – 464,28 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 458,28 теңгеден сатып алынып, 464,54 теңгеден сатылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!