Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 7,27 теңгеге төмендеп, 452,34 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 19-21 тамыздағы ресми бағамы 461,71 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 452,15 теңге, сату – 454,84 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 450,38 теңгеден сатып алынып, 454,58 теңгеден сатылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!