Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күнделікті сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3,36 теңгеге көтеріліп, 478,35 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 30 қыркүйек пен 2 қазандағы ресми бағамы - 474,47 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 478,10 теңге, сату 480,75 теңге болды. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 474,81 теңгеден сатып алынып, 479,87 теңгеден сатылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!