Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,77 теңгеге көтеріліп, 458,22 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 14 наурыздағы ресми бағамы - 456,66 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 456,91 теңге, сату – 461,38 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орташа есеппен 457,91 теңгеден сатып алынып, 461,55 теңгеден сатылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!